Олимпиада-2018. Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша жарыс жолына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада-2018. Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша жарыс жолына шықты

16.02.2018

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарлама бойынша жекелей жарыс жолына шықты.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы жарыс қорытындысы бойынша 70.12 (30,77 +39,35) ұпай жинады. Спортшы мұзайдынға 30 қатысушының ішінен төртінші нөмірмен шықты. Ертеңгі өтетін еркін бағдарламадағы жарысты жалғастыру үшін Тен қысқа бағдарлама бойынша үздік 24 спортшының қатарына енуі тиіс.

 «XXIII Қысқы ойындар менің спорттық мансабымдағы үшінші Олимпиада. Ең қиыны да бүгінгі жарыс болған сияқты. Бұл жаққа келгенімнің өзіне қуаныштымын, себебі, биылғы жыл қиындықтар көп болды. Ақталғым келмейді, бірақ, расымен қиын кезең өтті. Бүгін бәрі ойдағыдай болған жоқ. Бірақ, қолымнан келгенін жасадым. Алдағы уақытта қазіргі нәтижеге қарамастан, менде ғана емес, бүкіл құрамада жақсы жетістіктер болады деп сенемін», - деді спортшы сайыстан кейін біздің тілшілерге берген сұхбатында.  

Қазақстандық спортшының Қысқа бағдарламадағы өнері 

Хабарламаларға жазылу