Астанада өз болашағын мұнай және энергетика саласымен байланыстырамын дейтін білімгерлер үшін екі айлық тегін курстар ашылды.
Игі іс-шара «Білім. Мамандық. EXPO-2017» жобасы аясында жүзеге аспақ. Оған кез келген білім ордасының 10-11 сынып оқушылары мен орта білім беру мекемелерінің студенттері қатыса алады.
Жоба «Kazenergy» қауымдастығы мен «Астана жастары» мекемесі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Қайырболат Сахметов, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ жетекшісі:
Оқушылар қосымша курстарға да қатыса алады. Мәселен, біз ораторлық қабілетті шыңдау мен EXPO-2017 халықаралық көрмесінің мүмкіндіктері туралы қосымша сабақтар өтеміз.
Айдана ҮСЕНБАЙ