Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында аудандардан, шалғай ауылдардан келіп оқитын оқушыларға арналған заманауи үлгідегі жатақханапайдалануға берілді.
Бұл өз кезегінде ауылдағы дарынды өрендердің шаһарда білім алып, өнерлерін дамытуға мүмкіндік туғызып отыр.
Айта кету керек, бұрын білім ордасының жанындағы жатақхана тозығы жетіп, әбден ескірген болатын. Енді, міне, оның орнына 75 орындық үш қабатты жатақхана бой көтерді.
Асылбек Әйтіш, студент:
Осындай қолдау көрсеткен үшін Елбасымызға, облыс әкіміне зор ризашылығымызды білдіреміз. Сенімдеріңізді ақтап, егемен еліміз үшін еңбек етуге уәде етеміз.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ