Кәсіптік білім беру саласы қарқынды дамымақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіптік білім беру саласы қарқынды дамымақ

30.04.2014
Кәсіптік білім беру саласы қарқынды дамымақ
Елімізде кәсіптік білім беру саласы қарқынды дамымақ. Оны жүзеге асыруды еліміздің үш бірдей ірі органы: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Білім, ғылым және Еңбек министрлігі өз қолдарына алады.  
 
Бүгін тараптар меморандумға қол қойды. Құжат аясында  техникалық және кәсіптік оқытуды дамыту бойынша бірлескен жұмыс жоспары да бекітілмек. Мамандарды даярлайтын жаңа тәсілдер палата дайындаған ұсыныстар негізінде жасалады.
 
Нұржан Әлтаев, ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары:
Бизнесте сапалы мамандар тапшы. Бұл жұмыстарға мекемелер де атсалысуы керек.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу