ҰБТ-ның екінші күнінде Өскеменде бірнеше адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ның екінші күнінде Өскеменде бірнеше адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04.06.2014
ҰБТ-ның екінші күнінде Өскеменде бірнеше адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
 
Тест тапсырушы түлектер мен олардың туған-туыстары бір-біріне ұялы телефондар мен шпаргалкалар беруге әрекеттенген.
 
Полиция қызметкерлері сынақ болып жатқан университет ғимаратын айналдыра күзетіп тұрғанына қарамастан, ата-аналар мен жанкүйерлер оқушыларға барынша көмектесуге тырысқан.
 
Түлектердің кейбірі ұялы телефон мен өзге де көмек құралдарын терезеден лақтыру барысында ұсталды.
 
Ал, кейбірі фотоаппарат пен рация пайдаланбақшы болғандары үшін әшкере болды. Сынақта отырған жастарға көмек көрсетуге әрекеттенген. Полиция қызметкерлеріне бағынбаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 адамды уақытша қамауға алуға да тура келген.
 
Марат Дубаев, Өскемен қалалық «Ертіс» полиция бөлімі бастығының орынбасары:
Түлектердің туыстары бізге наразылықтарын білдіріп, көмектеспегеніміз үшін ренжиді. Ал, біз Заң алдындағы міндетімізді орындаймыз.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу