Бұл туралы бүгін Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев айтты.
Естеріңізге салайық, 2-маусым күні Атырау қаласында өткен сынақта ата-аналар мағынасыз сұрақтар кездесті, деп шулаған еді.
Сондай-ақ, петропавлдық талапкер Айнұр Серік те сыра зауыты туралы сұрақтың кездескенін айтқан.
Қали Әбдиев Айнұрдың Қазақстан тарихынан тапсырған тест сұрақтарын әкеліп, журналистерге көрсетті. Расымен де сұрақтар арасында келеңсіз сұрақ жоқ екен.
Қали Әбдиев, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
Кейбір ата-аналар дайындық кезінде көрдік, дейді. Ол мүмкін. Себебі, мұндай сұрақ былтырғы жылы болған. Апелляциялық комиссия ол сұрақты дұрыс деп шешті. Себебі, ол Қазақстан тарихы пәнінде арнаулы тақырыпта баяндалады. Биылғыда жоқ. Біз Айнұр деген қыздан кешірім сұрауды талап етеміз. Болмаса сөйлесіп, түсіндіріп көреміз. Бұлай сөйлеуі түсініксіз болып отыр.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ