Эстонияда мүгедек балалар көмекке мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эстонияда мүгедек балалар көмекке мұқтаж

24.02.2015
Эстонияда мүгедек балалар көмекке мұқтаж

Эстония билігі елдің экономикалық жағдайы төмендеп бара жатқанын айтып, дабыл қақты.

Жабылып жатқан өндіріс орындарын былай қойғанда, медицинаға қажет құрылғылар мен дәрі-дәрмек алу мүмкін болмай жатыр.

Бүгінде Эстонияда 7461 мүгедек бала бар. Әрбіріне 1395 еуроның дәрі-дәрмегі қажет. Бірақ, дағдарыстың салдарынан әр науқасқа тек 565 еуро бөлінген.

Бұл - қажетті ем ақысының 40 пайызы ғана.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу