Биыл 1 миллион 600 мың оқушы жазғы лагерге барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 1 миллион 600 мың оқушы жазғы лагерге барады

09.06.2014
Биыл 1 миллион 600 мың оқушы жазғы лагерге барады
Бурабайда орналасқан «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру лагерінде биыл алыс-жақын шетелдегі 100-ге жуық қандасымыз тынығады.
 
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлады.
 
Жалпы, министрлікке қарасты лагерде демалуға биыл 98 мемлекеттен 1000-ға жуық бала келеді.
 
Ал, республика бойынша алғанда биыл 1 миллион 600 мың оқушыға жазғы демалыс ұйымдастырылады. Бұл - 1 сынып пен 10 сынып оқушыларының 69,9 пайызы.
 
Олар еліміздің барлық өңірінде орналасқан 11 мыңнан астам демалыс лагерлері мен мектеп жанынан құрылған уақытша демалу алаңдарында тынығады.
 
Белгілісі, бағаны жергілікті атқраушы орган өкілдері бекітеді. Ол демалу мерзімінің ұзақтығына байланысты. Қазірдің өзінде барлық лагерлер толық жұмысқа кіріскен.
 
Жаңыл Жонтаева, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры:
Балалардың демалысын ұйымдастырып жатқан бірінші ай - маусым айы. Маусым айында 780 мыңға жуық  бала демалады. Бұл 33,8 пайызды құрап отыр.
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу