Еуразиялық экономикалық одақ аясында үш елдің арасындағы мәдениет, денсаулық сақтау, білім саласындағы интеграция нығая түспек. Мәселен, биыл қызылордалық екі жүзге жуық түлек Ресейдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды.
Олар Мәскеудегі болат және қорытпа институтында, сондай-ақ Санкт-Петербургтегі технологиялық университетте оқып, аймақ дамуына атсалыспақ. Қызылорда облысында металлургиялық кластер құру жоспарлануда.
Сондай-ақ, өлкенің өрлеуіне сеп болатын тың инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделген. Мақсатты орындау үшін жоғары білімді, білікті мамандар қажет. Осы ретте облыс басшысының атсалысуымен Ресейдің жетекші оқу ордаларымен келісім жасалып, кадр дайындау мәселесі оң шешілді.
Сәуір айында аталмыш білім ошақтарының өкілдері келіп, мектеп бітірушілердің білімін бағамдады. Емтиханнан сүрінбей өткен екі жүз түлек грантқа ие болды.
Әзиза Танкаева, грант иегері:
Инженер атанғым келеді және де Қазақстанның, Қызылорда облысының дамуына үлкен үлес қосқым келеді.