Республика бойынша 10 мектеп үздік атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика бойынша 10 мектеп үздік атанды

17.06.2014
Республика бойынша 10 мектеп үздік атанды
Республика бойынша 10 мектеп үздік атанды. Бұл - ҰБТ-ның нәтижесі. Бүгін сол оқ бойы озық шығып, ондыққа кірген мектеп басшыларымен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов кездесті.
 
Сала басшысы білім беру ісінде бес жылдан бері ұдайы алдыңғы қатарда тұратын Астана мен Алматы қалаларының мектептері екенін айтты.
 
Мәселен, ҰБТ бойынша елордадағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің орташа балы -116,9.
 
Ал, Алматы қаласындағы Сұлтанахмет Қожықов атындағы №39 лицейдің оқушылары 110,9 балмен жоғары көрсеткішке қол жеткізген.
 
Сондай-ақ, үздіктердің арасында Батыс Қазақстандағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат, «Үміт» лигвистикалық гимназиясы және Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназия сияқты тағы да басқа 5 мектеп бар.
 
Нәсіпқали Дәулетов, БҚО мамандандырылған дарынды балалар мектебінің директоры:
Бұл шын мәнісінде республиканың білім саласындағы сапа көрсеткіші жөнінде мектеп директорларының пікірін тыңдау, ол жөнінде пікір алмасу үлкен бір шара болды, деп есептеймін.
 
Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу