Биыл «Болашақ» стипендиясы бойынша 1100 азаматтың шетелде оқып келуге мүмкіндігі бар.
Бірінші кезеңнің нәтижесіне сай, оның 201-і тегін оқуға жолдама алды. Стипендия иегерлерінің 10-ы - мәдениет пен БАҚ өкілдерінің қызметкері.
Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығыметов айтты.
Ал, Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде білікті техниктерді даярлау көзделген. Сондықтан, биыл техникалық мамандықтарға басымдық беріледі.
Болашаққа құжат тапсырудың алда әлі 2 кезеңі бар. Өңірлердегі ынталылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып өтініш білдіре алады.
Ғани Нығыметов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:
Тілді үйрену үшін Астана мен Алматыда тіл орталығын құрғымыз келеді. Британдық кеңеспен жұмыс істеп, ағылшын тілінде сөйлейтін мұғалімдер шақырту жоспарда бар. Тілді оқытып, үлкен дәрежеге жеткізіп, одан кейін 6 айға шетелге оқуға жіберу жоспарда бар.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ