Орта білім берудегі өзекті мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орта білім берудегі өзекті мәселелер талқыланды

26.06.2014
Орта білім берудегі өзекті мәселелер талқыланды
 
«Нұр Отан» партиясының білім және ғылым бағыты бойынша сараптама тобы кезекті отырысын өткізді. Оқыту саласындағы өзара шешу жолдарын қарастырып, ұсыныстарды ортаға салды.
 
Мектептерде түрлі жағдайды сылтауратып ата-аналардан ақша жинау тыйылар емес. Мамандар мұны қамқоршылық кеңестерін құру арқылы шешу керек дегенді айтады.
 
Сондай-ақ, мектеп бітіруші жастардың Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындығын нығайтуға көңіл бөлген жөн. Өмірде бұдан да маңызды сынақтардың бар екенін жастарға ұғындыру керек, дейді депутат Камал Бұрханов.
 
Камал Бұрханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Резолюция қабылдаймыз. Ол резолюцияны біз партияның басшылары қолдап, фракцияға береміз, өзіміздің фракцияға. Фракцияда бұл ұсыныстарды заңдастырып, Үкіметке жібереміз. Және оны өзіміз бақылап отырамыз.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу