Халықаралық физика олимпиадасында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралар қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық физика олимпиадасында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралар қамтылды

14.07.2014
Халықаралық физика олимпиадасында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралар қамтылды

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов  халықаралық физика олимпиадасындағы  Қазақстан құрамасының басты қарсыластарын атады.

Министрдің сөзінше, Жапония мен АҚШ және Қытай елдері бұл салада үлкен жетістіктерге ие.

Яғни, осы елдермен арадағы бәсекелестік қыза түспек.

Қазақстан атынан қатысатын 5 оқушы  алғашқы 20 елдің қатарына кіріп, жүлде алудан үмітті. 

Жалпы, олимпиадаға қатысушылардың 45 пайызы медальдармен марапатталады. Бұдан бөлек, мақтау грамоталары да табысталады.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Олимпиада бағдарламасында негізгі жарыстардан бөлек, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралар да қамтылды. Қатысушыларды қаладағы мұражайлар мен тарихи орындарға алып барамыз. Апта соңында балаларды Бурабай демалыс аймағына алып бару да жоспарлануда.

Министр сондай-ақ, балалар лагеріндегі жаппай улану фактісіне қатысты  пікірін де білдірді. 

Демалыс орындарының саны соңғы кездері 9 мыңнан 11 мыңға көбейген. Олардың көбі жергілікті әкімдіктердің құзырында.

 «Дегенмен, министрлік олардың барлығының жұмысын жіті қадағалауға алады», деді сала басшысы .

Еске салсақ, жақын арада  Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында  балалардың жаппай улануы тіркелген болатын.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу