Қазақстандық магистранттар мен докторанттарға Қытай ауылшаруашылық ғылымдары университеті биылдан бастап грант бөледі. Бұл туралы бүгін екі елдің ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары меморандумға қол қою рәсімінде белгілі болды.
С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен Қытай ауылшаруашылық ғылымдары университетінің арасындағы әріптестікті дамыта түсетін құжаттың берері көп. Мәселен,осы меморандум негізінде 4 зертхана құрылып, ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы , биотехнологиясы, ауылшаруашылық техникасын жобалау бойынша жұмыстар жанданбақ.
Қараша айының аяғына дейін ветеринария зертханасы жұмыс істей бастайды. Келесі жылдан бастап, жылына кем дегенде бір ғылыми жобаны енгізу қолға алынады деп жоспарланып отыр.
Ақылбек Күрішбаев, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры:
Біз Қытай ғалымдарымен бірге 6 үлкен жоба жүргізетін боламыз.Оның 75 пайызын Қытай мемлекеті, 25 пайызын біз төлейміз.
Индира БЕГАЙДАР