Бүгін білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады.
Білім беру саласын жаңғырту мақсатында педагогикалық кадрларды даярлауға баса назар аударылып отыр. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту да басты міндет саналуда.
Жалпы, 2014-2015 оқу жылына 34 мың 165 грант қарастырылған. Комиссия мүшелері ағымдағы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы нарықтағы сұраныспен барынша сәйкестендірілгенін айтады.
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ