Қазақстанда дуальды білім беру жүйесін енгізу жұмысшы мамандықтардың беделін арттырады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Бэла Сырлыбаева осылай деді.
Бұл жүйедегі негізгі ерекшелк, болашақ маман сабақ уақытының тек 20-30 пайызын ғана оқу орнында өткізеді, уақытының қалған 70 пайызында нақты бір кәсіпорында тәжірибе алады.
Маманды даярлау бойыша негізгі шығындарды кәсіпорын өз мойнына алады. 2,5-3 жылдан кейін оқуын тәмамдағаннан соң маман жұмыссыз қалмайтыны анық.
Жұмыспен қамтылған мұндай мамандардың үлесі 90 пайызға дейін жетеді және оларды қайта даярлауға шығын шығарудың қажеті жоқ. Себебі олар оқу орынынан жоғары білікті маман болып шығады.
Бэла Сырлыбаева, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі:
Мамандарды білім алып жатқан кезден бастап дайындауымыз керек. Қазіргі кезде өздеріңіз білесіздер, орта немесе жоғары білімі бар адамдардың біршамасы жәрмеңкелер арқылы жұмысқа орналасады. Біз мұндай жүйені бұзуға тырысуымыз керек. Жақсы маман білім алып жатқан кезден бастап қалыптасады. Дуальды білім жүйесі мамандар үшін көп мүмкіндіктер ашады.
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ