Бүгін Алматыда зерттеу жүргізетін «Жазғы мектебі» басталды.
Шараны Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығы мен «Ғылым ордасы» және Францияның Орталық Азияны зерттеу институты бірлесіп ұйымдастырған.
Семинар аясында ғалымдар ғылыми кітапхана қорларында сақталған парсы, шағатай, араб тілдеріндегі қолжазбалардың түпнұсқасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Бес күнге созылатын «Жазғы мектепке» Франция мен Тәжікстаннан арнайы прфессор-ғалымдар қатысуда.
Айбар ЖАҚСЫБАЙ