Жетісулық өнертапқыш жастар жеміс-жидек турайтын қондырғы ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісулық өнертапқыш жастар жеміс-жидек турайтын қондырғы ойлап тапты

25.08.2014
Жетісулық өнертапқыш жастар жеміс-жидек турайтын қондырғы ойлап тапты

Жетісулық өнертапқыш жастар жеміс-жидек турайтын және кептіретін қондырғы ойлап тапты.

«Олардың инновациялық жобасын өңірдегі ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге қолдануға әбден болады», дейді мамандар.

Талдықорған политехникалық колледжінің студенттері былтыр облыстық инновациялық жобалар байқауына қатысып, 2 миллион теңгеден асатын грант ұтып алған болатын.  

Жоба шағын болса да, тәулігіне 600 келі алма кептіріледі. Ал,  жеміс-жидек турайтын бұл қондырғыны көкөніс турауға да пайдалануға болады. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу