Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ақпараттық және ғарыштық технологиялық ұжым қолданысындағы ғылыми зертханасында модернизацияланған есептеуіш кластері іске қосылды.
Бұл орталық осыдан бес жыл бұрын Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған.
Елімізде бар 5 зертхананың ең қуаттысы осы – Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіндегі есептеуіш кластері.
Мүмкіндігі 8 есеге артқан бұл компьютердің жылдамдығы бұрын 10 терафлюпс болса, қазір 80 терафлюпс, яғни жұмыс жылдамдығы 8 есеге артты.
1 терафлюпс 1 секундта миллион операция атқаратынын ескерсек, есептеуіш кластері ақпараттық технологияның дамуына зор үлесін қосады.
Жексенбек Әділов, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры:
Негізі қазір осы зертханада Қазақстанның барлық ғылыми зерттеу институты, университеті өздерінің жылдам есептеуді талап ететін есептері болса, біздің компьютердің көмегіне жүгіне алады. Сондықтан қазіргі жас ғалымдарға, студенттерге өте көп мүмкіншілік ашылып жатыр.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ