Қазақстанда кәсіптік-техникалық саласындағы мамандар тапшылығынан еңбек нарығында жыл сайын 20 мың жұмыс орны бос қалады.
Бұл туралы бүгін Сенатта өткен кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөніндегі конференцияда палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Спикер соңғы уақытта гуманитарлық сала мамандарына деген сұраныстың күрт азайғанына да тоқталды. «Өндірістің орта буын кадрларын даярлауға көшетін кез жетті. Орта кәсіби білімге екінші сорттағы мамандық деп қарайтын қоғамның көзқарасын өзгерту керек» деді ол.
Айта кетейік, біздегі жұмыспен қамтылған халықтың 30 пайызы ғана осы кәсіптік салада еңбек етеді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ