Алматы облысындағы Ақбастау ауылында директорлар династиясы тұрады. Еңбекшіқазақ ауданында, есімі елге белгілі оқу ісінің ағартушысы Азиз Надыровтың отбасын бәрі біледі.
Бүгінде ортадан озған ардагер-ұстаз ауылдың орта мектебін ұзақ жыл басқарып, талай буынға тәлім-тәрбие берген екен. Бүгінде ата жолын қыздары ғана емес, ұлы мен немересі де жалғап отыр. Надировтар отбасын аудан жұртшылығы - директорлар әулеті дейді. Себебі, Азиз Байрамұлы 36 жыл Ақбастау орта мектебін басқарған.
Жазира ИСАЕВА