Семейде Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары қауымдастығының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары қауымдастығының отырысы өтті

03.10.2014
Семейде Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары қауымдастығының отырысы өтті

Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының мамандары білім саласындағы ықпалдастықты дамытудың маңызы зор, дейді. Осы орайда Семейдің  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан және Ресей жоғары оқу орындарының қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Екі жыл бұрын пайда болған мемлекетаралық құрылымға екі елдің 7 жоғары оқу орны кіреді. Қазір олар өзара түрлі ғылыми жоба мен зерттеуді бірлесе атқарып отыр. Ресейдің білікті мамандары біздің елге келіп жұмыс істесе, біздің оқытушылар көрші елде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алған. Мұндай еркін қарым-қатынастардың арқасында соңғы жылдары география, биология, жаратылыстану ғылымдарында жетістіктер көп. 

 

Хабарламаларға жазылу