Бүгін Алматыдағы Ұлттық Ғылым Академиясының жалпы жиналысының сессиясы өтті. Онда «Қазақстан Республикасы көп ғасырлы тарихының ғылыми зерттеулерінің жетістіктері», «Мақта шаруашылығы саласындағы жаңа ғылыми жетістіктер» тақырыбында баяндамалар оқылды.
Сессия жиналысына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысып, ғалымдар тарапынан тыс қалған ғылымның кейбір саласының кемшіліктерін атап өтті.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ