Шетелдік дарынды жастарға қазақстандық грант бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік дарынды жастарға қазақстандық грант бөлінеді

14.10.2014
Шетелдік дарынды жастарға қазақстандық грант бөлінеді

Шетелдік дарынды жастарға қазақстандық грант бойынша оқуға түсуге жағдай жасалмақ. Сонымен қатар, олар оқуын тәмамдаған соң алған мамандығы бойынша 3 жылға дейін ешқандай квотасыз Қазақстанда еңбек ете алады.

Бірақ, оларға қойылатын негізгі талап та бар. Маманның кәсіби деңгейі жоғары болуы шарт. Сондықтан олардың біліктілігін бағалау үшін балдық жүйе енгізіледі.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясының әлеуметтік кеңесінің отырысында айтылды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу