Ұстаздық мамандығын таңдаған талапкерлерді оқуға ақысыз қабылдау қажет. Педагогикалық білім беру бойынша республикалық кеңесте Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиев осындай ұсыныс айтты.
Оның айтуынша, «орта мектепті үздік аяқтаған түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ, шығармашылық емтихан тапсырулары керек».
Осылайша, әлеуметтік әлеуеті төмен, бірақ педагогика мамандығына адал әрі қабілетті абитуренттердің жолы ашылады.
Алмат ӘБДІРАМАН