Қарағандыда «Жас қазақстандық» арнайы оқыту үрдісі қолға алына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Жас қазақстандық» арнайы оқыту үрдісі қолға алына бастады

28.10.2014
Қарағандыда «Жас қазақстандық» арнайы оқыту үрдісі қолға алына бастады

Қарағандыда Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын қуаттап, патриотизмді дамыту мақсатында «Жас қазақстандық» арнайы оқыту үрдісі орта білім ошағында қолға алына бастады.

Бұл республика бойынша тұңғыш рет Майқұдықтағы №36 мектепте жүзеге асуда. Жас патриоттар мектебінде «Өткеніміз - өнеге, күткеніміз - Мәңгілік ел» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  

Бүгінде мектепте ұлтжандылыққа тәрбиелейтін ғылыми жобалар, электронды қосымшалар, қабырға газеттері дайындалады.

Мұнымен қатар, еліміздің белгілі тарихшы, өлкетанушы, басқа да ғылым саласының танымал өкілдері, спортшылар мен ардагерлер үнемі шақыртылып, іс-шараларға қатысып тұрады.

 Ол үшін жоғары оқу орындарымен арнайы келісім де жасалған.

Сәуле Ізтөлеуова, Қарағанды қаласы №36 орта мектебінің директоры:

Патриоттық тәрбие беру мектебінің тәжірибесі жүргізіліп жатыр. Былтырғы оқу жылында жаңадан дайындық кезеңін өткізсек, биыл ұйымдастыру кезеңі. Осы кезеңді оқу жылының басында, осындай үлкен іс-шарамен бастап отырмыз. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу