Бүгін Елордада болашақ журналистер үшін «Қазіргі журналистік білім берудің стандарттары» тақырыбы бойынша баяндамалар оқылды.
Студенттердің теориялық білімін арттыруға арналған шараға қазақ көсемсөзін зерттеуші ғалымдар мен еліміздің БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында студенттер қазақ журналистика саласына өлшеусіз үлес қосқан ғалымдар мен сан түрлі бағытта жарық көретін басылым басшыларының баяндамаларын тыңдады.
Бұдан бөлек, қатысушылар жоғары оқу орындарындағы журналистика саласының білім беру жүйесіне тоқталды.
Айдана ҮСЕНБАЙ