«Болашақ» түлектерінің 10 пайызы жұмыссыз.
Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің жартысы биыл бітіргендер. Осы ретте «Болашақ» қауымдастығы бағдарлама түлектері мен өзге де азаматтар үшін жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жұмысқа орналаса алмаған түлектер үшін арнайы «Мансап» орталығын құрды. Орталық екі жыл көлемінде әр түлектің жұмысқа орналасуын бақылайтын болады.
Әлия ӘШІМ