Елімізде 135 үш аусымды, 85 апатты мектеп бар. Президент балабақша мәселесін шешу үшін де алдағы үш жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бөлінетінін айтты.
Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
Елбасының Жолдауында айтылған маңызды мәселенің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды көтеру. Осыған байланысты білім саласында үш бағытқа басымдық берілген.
Біріншісі, мектепке дейінгі балаларға білім беріп, олардың тәрбие жұмысына байланысты. Енді арнайы мектепке дейінгі ұйымдар салуға 20 миллиард теңге бөлінеді.
Ал, екіншісі, Жолдауда айтылғандай, апатты мектептерді жоюға қосымша 70 миллиард теңге бөлінеді.
Үшінші өзекті мәселе – он жоғары оқу орнының материалдық техникалық базасын жетілдіруге 10 миллиард теңге бөлу.
Осы қаржы бөлінетін мекемелердің тізімі анықталуда. 20 миллиард теңгеге 36 балабақша салынады. 70 миллиард теңгеге 67 мектеп салынады.