Бұл - Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Жарлығымен «Құрмет» орденін иеленген ақтөбелік Жеңісгүл Мұхамбетпайызованың жүрекжарды лебізі.
Соңғы 5 жылдан бері Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжін басқарып келе жатқан тәжірибелі ұстаз оқу ордасының жанданып, заман талабына сай сапалы білім беруіне күш салып келеді.
Қазір колледжде 5 мыңға жуық білім алушы бар. Жеңісгүл Сағидоллақызы, «Кеудеме тағылған орден бұдан әрі де жемісті жұмыс істеуіме шабыт береді», - дейді.
Жақсыбек КЕМАЛ