2014 жылы білім және ғылым саласында жетістік аз емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2014 жылы білім және ғылым саласында жетістік аз емес

31.12.2014
2014 жылы білім және ғылым саласында жетістік аз емес

Қазақстанда балабақшаға 673 700 бүлдіршін барса, мектептерде  2 545 600 бала білім алады, ал студенттердің саны – 524 мың.

Саладағы «Жыл жетістігі», «Жыл жаңалығы» деп айдар тағып айтуға болатын жайт – ол Байқоңыр мектептерінің Қазақстандық білім жүйесіне өтуі.

Биыл Алматыда «Сорбонна-Қазақстан» институты ашылды. Қазақстан мен Францияның ағарту саласындағы жобаның ашылуына екі ел Президенттері қатысты.

Сонымен қатар, Астанада физикадан 45-ші халықаралық олимпиада өтті. Оған 80-нен астам елден жас физиктер қатысты.

2015 жылда Білім және ғылым министрлігі алдында тұрған басты міндеттің бірі – үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу.

Қазір елде үш ауысымдағы 92, апатты 189 мектеп бар. Мәселені шешуге қосымша 70 миллиард теңге бөлінді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу