ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасының бас жүлдесін қазақстандық өрендер еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасының бас жүлдесін қазақстандық өрендер еншіледі

16.01.2015
ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасының бас жүлдесін қазақстандық өрендер еншіледі

Қорытынды жиында 29 қатысушы алтын, 60-ы күміс және 87 олимпиадашы қола медальмен марапатталды.

Қазақстанның еншісінде – 4 алтын, 19 күміс, 28 қола медаль бар. Ал, жалпы командалық есепте бас жүлдені Жәутіков атындағы республикалық мектеп-интернаты иеленді.

1-ші орынды Ресейдің Мәскеу мемлекеттік университетінің мамандандырылған ғылыми оқу орталығының тобы алса, 2-ші орынды Армения мен Болгариядан келген командалар бөлісті.

Ал, Ресейдің Челябинск қаласының математиктері мен Грузия, Беларусьтан келген командалар 3-ші орынға тұрақтады.

Олимпиадада табысқа жеткен қазақстандық 50 жүлдегерге Назарбаев Университеті, Қазақ-Британ Техникалық Университеті мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеттерінің гранттары табыс етілді.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу