Білім беру ісіндегі әке жолын балалары жалғап, бүгінде осы салада үшінші буын еңбек етіп жүр.
Алмас Қажиақберов ұстаздар отбасында дүниеге келген. Қазір өзі де мұғалім. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі – 30 жылға жуық.
Соңғы 3 жылдан бері мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүр. Сонымен қатар, география пәнінен сабақ береді.
Алмастың әкесі Омарғазы Қажиақберов халық ағарту ісінің үздік қызметкері. 30 жыл бойы Тарбағатай ауданында мектеп директоры болған.
Омарғазы ағаның қызы Лира да осы мектепте жұмыс істейді. Биология пәнінен сабақ бергеніне 21 жыл. Өз ісінің маманы соңғы жылдары мұғалім беделінің қайта жоғарылай бастағанына, мемлекет тарапынан осы мамандыққа қолдаудың көбейгеніне риза.
Осы күнге дейін Қажиақберовтер әулетінен барлығы 20-дан астам мұғалім шыққан.
Берік КӨШЕРБАЕВ