Тарихтың тұңғиығын таныту – ұлттың ұлы мұраты. Өз шежіресін ұлықтай білген өскелең ұрпақтың келешегі кемел. Астанада осындай мақсатты діттеген дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Қазақстан – ежелгі мәдениеттер тоғысы» деп аталған жиын «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» жаһандық жобасының аясында өтуде. Қазақ елінің бастамасымен жүзеге асқан шара Бірікен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның қолдауына ие болған.
Шараның мақсаты – Жер бетіндегі халықтардың түп тамыры бір екендігін көрсетіп, ежелгі тарихымыздан сыр шерту.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ