Жуырда Аслан Сәрінжіпов білім берудің жаңа бағдарламасын кейінге шегеруді ұсынған еді.
Алайда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қандай жағдай болмасын, ғылым мен білім саласын модернизациялауды тоқтатпау керектігін тапсырды.
Осыған байланысты 12 жылдық білім жүйесінің бағдарламасы қайта жаңартылуда.
Басты назар мектеп табалдырығын аттайтын балғындар мен жоғары екі сынып оқушыларында болмақ.
6 жастағы балалардың 95 пайызы мектепке даярлық тобына барып жүр. Онда оқушыларға жаңа оқу дағдылары үйретілмек.
Ал, 10-11 сыныптардың бағдарламалары өзгереді. Осылайша, алдағы оқу жылы 12 жылдық білім жүйесі 30 мектепте, 2016 жылы барлық мектепке енгізіледі.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ