![Астанада жас мамандар форумы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81019.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада «Білімді жастар - мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандардың форумы өтті. Оған 400-ден астам «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен талантты жастар қатысты.
Ауқымды шарада бес адамға Президенттік стипендияның сертификаты табысталды.
Ал, халықаралық олимпиада жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілді.
Сондай-ақ, басқосуда «Болашақ бизнес» пікірталасы ұйымдастырылды. Оған белгілі отандық бизнесмендер қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада жас мамандар форумы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/80534/)