Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлімдеді.
Оның айтуынша биыл Үкімет қаулысымен бағдарламаның жаңа ережелері бекітілген.
Оған сәйкес құжаттарды қабылдау науқаны 13 сәуірден бастап, 1 қарашаға дейін жалғаспақ.
Талапкерлерге стипендия тағайындау мерзімі шілде, тамыз және желтоқсан айларында өтеді.
Айта кетейік, биыл республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» бағдарламасына 600 шәкіртақы бөлінген.
Айдана ҮСЕНБАЙ