Бердібек Сапарбаев ғылым саласына бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты сын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев ғылым саласына бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты сын айтты

29.05.2015
Бердібек Сапарбаев ғылым саласына бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты сын айтты

Ғылым саласына бөлінген көл-көсір қаражат көзге көрінбей, көкке ұшты. 2012 жылы ғылымды дамытуға бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінсе, былтыр жұмсалған қаражат 44 миллиардқа жеткен.  

Ілгерілеуі жоқ салаға бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев сын айтты.

Жоғары оқу орындарының басшыларымен жиын өткізген вице-премьер олқылықтың орнын тез арада толтыруды тапсырды.

Премьер-Министрдің орынбасары Алматыға жұмыс сапары барысында тек білім емес, шаһардың денсаулық сақтау саласымен де кеңінен танысты.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу