Петропавл қаласында бүгін 492 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.
Құзырлы органдар олардың бөгде зат алып кірмеуін және рұқсат етілмеген көмекші құралдарды қолданбауларын бақылауда ұстады.
Ал, сыртта күтіп тұрған ата-аналар үшін арнайы экран қойылып, балаларын көріп отыруларына мүмкіндік жасалды.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 733 бала мектеп бітірді. Тестілеуге олардың 2 531-і қатыспақ. 112 оқушы «Алтын белгіге», 51-і үздік аттестатқа үміткер.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ