Жаңа оқу жылынан бастап, Байқоңырдағы алты мектеп пен бір балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшеді. Осы уақытқа дейін шешімін таппай келе жатқан мәселеге бүгін нүкте қойылды.
Сондай-ақ, жұлдызды қалашықта «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде салынып, бірақ, пайдалануға берілмей тұрған перзентхана мәселесі де талқыланды.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесуінде айтылды.
Биыл «Байқоңыр» ғарыш айлағына - 60 жыл. Осыған орай өткен шарада жеткен жетістіктер мен толымды табыстар жөнінде айтылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ