Дуальды оқыту элементтерін енгізуде және ақпараттық технологияларды қолдануда тәжірибе алмасу көрші елдердің білім саласының мамандары үшін де ауадай қажет.
Себебі, олар қазақстандық білім беру моделін жоғары бағалауда. Бұл шараның құрылғанына биыл 50 жыл толып отырған Ақтөбе политехникалық колледжінде өтуі де тегін емес.
Себебі, осы білім ордасы заманауи оқу- құралдарымен жабдықталып, болашаққа нық қадам басты. Мұнда дуальды оқыту жүйесі сәтті жүзеге асырылып, үшжақты меморандум негізінде түлектердің толықтай жұмыспен қамтылуы жолға қойылған.
Жақсыбек КЕМАЛ