![«Ауылына қарап, азаматын таны»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81101.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Сол себепті де, ауылға бүйрегі бұрмайтын, ауыл десе, құлағы елеңдемейтін адам кемде-кем. Ауылдың жақсылығына сүйінеміз, жамандығына күйінеміз.Қай кезде де бұл орайдағы мәселенің барлығын ауыл әкімімен байланыстырамыз.
Кезінде Абай атамыз да, ұлы Шоқан да әкімдіктен үмітті болғаны белгілі. Біртуар тұлғаларымыздың ондағы мақсаты – қараша халқына қызмет ету, оның жоғын жоқтап, арман-тілегіне жеткізуге себепші болу еді.
«Елім» деп еңбек етіп, «жерім» деп жүрегін жалау етіп жүрген бүгінгі ел азаматтары – сол зиялы тұлғалардың заңды жалғасы. Қай кезде де әкім болар әрі халқына жақын болар азаматтар болған, бола да береді.
Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» осы мәселеге тоқталмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ауылына қарап, азаматын таны»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/80616/)