Еуроодақ Грекиядан қарызды қайтаруын талап етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ Грекиядан қарызды қайтаруын талап етуде

02.03.2015
Еуроодақ Грекиядан қарызды қайтаруын талап етуде

Бірақ, енді бұл амал айқындалды, яки Германия бастаған алыптар Грекияға тағы 4 ай мерзім берген.

Мемлекетті қалыпқа келтіруге емес, қарызды жедел қайтаруға. Ол аз болса, алдыңғы несиені жабу үшін тағы қаражат беруге келіскен.

Ал, «қайтарымсыз қаржы беру деген түсінік тіптен болмайды», - дейді Еуроодақ. Дегенмен несие берушілер тек одақтың ең ірі мүшелерінің сөзіне тоқтап отыр. Арада төрт ай өткенде қарыз қайтарылмаса қысым қайта басталмақ.

Экономикалық дағдарыс дендеген сәттегі Грекияның осынша дәрменсіздігіне ызаланған халық түнде шеруге шықты. Тәртіп сақшыларымен қақтығысып көшелерді отқа орады.

«Іс осылай насырға шаба берсе билікке қаңтарда келген «СИРИЗА» партиясының орнын босатуына тура келеді», - дейді сарапшылар.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу