«Бұл біздің мемлекет бағындырған тағы бір шың», - деді Мемлекет басшысы.
Универсиеттің ұстаздары мықты. Теориялық білім мен ғылым һәм өндіріс бір арнаға тоғысып, жүйеленген. Президент елдің ертеңгі күші, ертеңгі иесі, жалпы ертеңі бүгінгі жастар екенін тағы да айтты.
446 шәкірт – Назарбаев Университетінің бірінші буыны, алғашқы қарлығаштары. Кез-келген оқу орынының беделі мен мерейі сонда оқыған азаматтардың жетістігіне байланысты. Мемлекет басшысы жастарға жақсылық тіледі, ақыл-кеңесін айтты.
Бірінші түлек, бірінші буын болашаққа қадам басты. Бірі елде еңбекке араласпақ, енді бірі еуропағы ұмтылады, қайсібірі мұхит асып ғылым-білімге терең бойлайды.
Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ