Қыркүйекте Шымкенттің 40 мектебі бұл қосымша сабақтарды оқитын болады. 90 минут бойы балалар мамандықтар жайлы теориямен қатар, кәсіпорындарға барып танысады. Әзірге бағдарламада 9-11 сыныптар.
Ал, мына құжаттың барлығы мүгедек балаларды дамытуға арналған жобалар. Әрине, мемелекет кембағал балалар үшін бар жағдайды жасауда. Ендігі кезекте 18-ден асқан мүгедектер үшін арнайы орталық ашу мәселесі тұр.
Бүгін мұндай жобалардың 15-ы қаралды. Олардың авторлары елдің әр түкпірінен келген белсенділер, бала жанашырлары. Оларда идея бар, тек қаржы жағы қиын.
Бұл мәселені «Асыл бала» ассоциациясы шешпек. Ұйым күзге дейін ұсыныстың барлығын зерттеп, қазан айында үздік жобаға қаржы құятын болады.
Әлия ӘШІМ