Жаңа оқу жылының алғашқы күніне дейін мектеп оқушылары 100 пайыз оқулықпен қамтылатын болады. Жамбыл облысының Білім басқармасы осылай, деп мәлімдеді.
Оған жергілікті бюджеттен 918 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұған дейін өңірдің білім беру ұйымдарындағы кітап қорына мониторинг жүргізіліп, оқу әдістемелік құралдар толық болу үшін 15 баспаханамен өзара келісім шарттар жасалған. Қазір арнайы акциялар ұйымдастырылып, кітаптар оқушыларға үлестіріліп берілуде.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ