Мектеп оқушыларының көптігімен ерекшеленетін өңірде 602 мың 396 шәкірт мектеп партасына жайғасты.
Шымкент қаласындағы №36 мектептің оқушылары мен ұстаздары үшін жаңа оқу жылы айырықша қуанышпен басталды. Өйткені бұған дейін апатты ғимаратта білім алып келген шәкірттер бүгін сәулетті жаңа мектептің табалдырығын аттайды.
Сыныптар оқытудың заманауи үдерісіне сай оқу құралдарымен жабдықталған. Шәкірттер электронды жүйеде білім алады.
Арнайы пәндерге байланысты тәжірибелік жұмыстар зертханалық бөлмелерде жүргізіледі. Мұның барлығы шәкірттерді оқуға ынталандырып, ізденісін арттыра түспек.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ