Шымкент қаласындағы №36 мектептің оқушылары мен ұстаздары үшін жаңа оқу жылы айырықша қуанышпен басталды.
Өйткені бұған дейін апатты ғимаратта білім алып келген шәкірттер бүгін сәулетті жаңа мектептің табалдырығын аттады.
Сыныптар оқытудың замануи үдерісіне сай оқу құралдарымен жабдықталған.
Білім сапасын жақсарту, ұстаздардың біліктілігін арттыруға байланысты мұғалімдерді үш деңгейлі курстардан өткізу, Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс тәжірибелерін ендіру ісі биыл да жалғасын табады.
Биылғы оқу жылында облыс бойынша үш ауысымда білім беретін 3 мектептің, апатты жағдайдағы 27 білім ұясының орнына жаңасы салынды. 700-ге тарта мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді. Халық саны көп болғандықтан жыл сайын 70 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдығын аттайтын өңірде алдағы кезде білім ұяларының саны да сапасы да арта түспек.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ