Зауыт толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған. Электр қуатын үнемдейтін 7 пеште бабымен піскен нанның бағасы да анағұрлым арзан, ал сапасы өте жоғары, - дейді мамандар. «Даму» қоры мен «Цеснабанк» акционерлік қоғамы игі жобаға 500 миллион теңге көлемінде инвестиция салған.
Қазір зауытта 100 адам еңбек етеді. Өндіріс меңгерушісінің айтуынша, тұрғындардан алынған тапсырысты күнбе-күн дайындап беруге зауыттың мүмкіндігі жетеді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ