Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 2014-2015 жылғы оқу жылының қортындысына сәйкес Халықаралалық рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Бүгінде 17 мыңға жуық студент білім алып отырған білім ордасы әлемнің жетекші 50 оқу орынының қатарында келеді. Бұл туралы бүгін осы білім ордасының ректоры Ерлан Ыдырысов халық алдындағы есебінде мәлімдеді.
Білім ордасы тәжірибеге бағытталған пәндердің санын арттырып, өз бетінше жұмыс жасау бағытында еңбек етуде. Сондай-ақ, энергияны үнемдеу, өндіріс қалдықтарын өңдеу сынды бірқатар иновациялық жобалар көптің көңілінен шықты. Бұдан бөлек дуальды оқыту жүйесі, ғылыми-зерттеу жұмыстары, қоғамдық шараларға белсенділік танытуда көш ілгері келеді. Тек білім беріп қана қоймай олардың еңбекпен қамтылуы да назардан тыс қалған емес. Бұл көрсеткіш биыл 82 пайызға жеткен. Келер жылдан бастап, жоғары оқу орыны материалдық-техникалық базаны жаңартуды жоспарлап отыр.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
Kaznews.kaztrk.kz